Фото: Xiaomi
Тұтынушылық электроника және ақылды өндіріс саласындағы жетекші компания Xiaomi Қазақстанның ірі онлайн-сауда алаңдарының бірі Kaspi.kz платформасында Xiaomi Store ресми дүкенінің ашылуын хабарлайды.
Енді қазақстандық пайдаланушылар Kaspi.kz арқылы Xiaomi өнімдерін оңай және ыңғайлы түрде сатып алып, сенімді платформаның артықшылықтарын, сондай-ақ оның Kaspi Red және Kaspi рассрочка (бөліп төлеу) сияқты ыңғайлы сервистерін пайдалана алады. Жаңа дүкен Xiaomi компаниясының смартфондарын, киілетін электроникасын, ақылды гаджеттерін және құрылғыларын қоса алғанда, құрылғылардың кең ауқымын ұсынады.
Kaspi.kz платформасында Xiaomi ресми дүкенінен сатып алынатын өнімнің түпнұсқалығына, ресми кепілдікке және сервистік қызмет көрсету қолжетімділігіне кепілдік береді. Бұдан басқа пайдаланушылар жеңілдіктер, арнайы науқандар және бөліп төлеудің ерекше шарттары секілді тиімді ұсыныстарды пайдалана алады.
«Kaspi.kz платформасында Xiaomi ресми дүкенінің ашылуы — бұл Қазақстандағы Xiaomi үшін маңызды қадам. Біз өз пайдаланушыларымызға Xiaomi өнімдерін сатып алудың ыңғайлы және сенімді тәсілін қамтамасыз етуге тырысамыз, ал Kaspi.kz платформасымен ынтымақтастық біздің клиенттерімізге бұрынғыдан да қолайлы жағдайларды ұсынуға мүмкіндік береді», — деп Xiaomi Қазақстан бас директоры Чжан Хао мырза атап өтті.
«Біздің басымдығымыз — қазақстандық пайдаланушыларға сапалы өнімдер мен сервистерді ұсыну. Біз Kaspi.kz платформасындағы ресми дүкеннің сатып алуды бұрынғыдан да қолжетімді және жайлы етуге көмектеседі деген сенімдеміз», — депТМД-дағы Xiaomi басшысы Ма Чуньгуан мырза қосты .
Сонымен бірге Xiaomi білікті қолдау, жөндеу және құрылғыларға қызмет көрсетуді ұсына отырып, Қазақстанда сервистік желіні дамытуды жалғастыруда. Компанияның барлық сервистік орталықтары сертификатталған, сондай-ақ пайдаланушыларды сатудан кейінгі сапалы сервиспен қамтамасыз етеді.
По информации Xiaomi.
Комментарии закрыты.