Фото: gov.kz
Облыс әкімі Ермаганбет Бөлекпаев жобаның жүзеге асуы — ұзақ әрі мазмұнды дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.
«Freedom компаниясымен алты ай бойы келіссөздер жүргіздік. Бұл – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бастамашыл компания. Бүгін біз маңызды кезеңді аяқтадық – «Шахтёр» футбол академиясын салу жөнінде меморандумға қол қойдық. Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту – біздің басты мақсатымыз. Бұл жолда мемлекет пен жеке сектордың ресурстарын біріктіруге дайынбыз. Жоба ауқымды, мен оның өңір тұрғындарына үлкен тарту болатынына сенемін», – деді Ермаганбет Бөлекпаев.
Академия жобасын Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов таныстырды. Ол Қарағанды облысының қазақстандық футбол тарихындағы ерекше орны бар екенін атап өтті.
«Қарағанды – спорттық дәстүрі терең, рухы биік өңір. Мұнда жеңіске деген жігер мен табандылық тәрбиеленеді. «Шахтёр» командасының еурокубоктың топтық кезеңіне өтуі – отандық футбол тарихындағы ерекше оқиға. Біз бұл Академияны жай ғана спорттық инвестиция ретінде емес, жастарды дамытуға және Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын жетілдіруге арналған маңызды жоба ретінде қарастырамыз. Академия болашақ таланттарды тартатын орталыққа айналады деп сенемін», – деді Тимур Турлов. «Өңірмен бұрыннан қалыптасқан нәтижелі серіктестігіміз жаңа жобаның сәтті жүзеге асатынына сенім береді».
Жоба халықаралық стандарттарға сай оқу-жаттығу орталығын құруды көздейді. Жалпы ауданы 9 гектардан асатын аумақта үш толық өлшемді футбол алаңы, оның ішінде жабық манеж бен жылыту жүйесімен жабдықталған жаттығу алаңы, 3500 орындық жаңа стадион, интернат, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, медициналық кабинеттер және басқа да нысандар салынады. Құрылыстың жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Академияда тек спорттық дайындыққа ғана емес, оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына да басымдық беріледі. Нысан құрылысы үшін Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының ортасынан жер телімі бөлінген.
Жаңа академия «Шахтёр» футбол клубының болашақ ойыншыларын даярлайтын басты база болмақ. Сондай-ақ мұнда клубтың балалар-жасөспірімдер және әйелдер лигасын дамыту жұмысы жалғасады.
Футбольную академию построят в Караганде
В Караганде будет Академия футбола — современный учебно-тренировочный центр, где смогут заниматься дети и подростки области. Меморандум о сотрудничестве подписан между акиматом Карагандинской области и генеральным директором Freedom Holding Corp. Тимуром Турловым. Новый спортивный объект станет вкладом в развитие детско-юношеского футбола и инфраструктуры региона.
Аким области Ермаганбет Булекпаев подчеркнул, что реализация проекта стала результатом длительной и содержательной подготовки.
«На протяжении полугода прорабатывались вопросы с компанией Freedom — это социально ответственная компания с хорошими инициативами. Сегодня мы завершили важный этап: подписали меморандум о строительстве Академии футбола «Шахтёр». Мы нацелены на развитие детского и юношеского футбола и готовы объединить ресурсы государства и частного сектора. Проект масштабный, и я уверен, он станет настоящим подарком жителям региона», — сказал Ермаганбет Булекпаев.
Проект Академии представил Тимур Турлов. Он отметил, что Карагандинская область занимает особое место в истории казахстанского футбола.
«Караганда — регион с богатыми спортивными традициями. Здесь умеют воспитывать характер, силу воли и страсть к победе. Выход «Шахтёра» в групповой этап еврокубка стал вехой в истории отечественного футбола. Мы рассматриваем Академию не просто как инвестицию в спорт — это вклад в развитие молодёжи и всей инфраструктуры футбола в Казахстане. Уверен, она станет центром притяжения для юных талантов», — подчеркнул Тимур Турлов. «Опыт положительного взаимодействия с регионом даёт нам основу верить в успех нашего начинания».
Проект предусматривает создание центра по международным стандартам. На площади более 9 гектаров разместятся три полноразмерных поля, отвечающих всем мировым стандартам, включая крытый манеж и тренировочную площадку с подогревом, новый стадион на 3500 зрителей, интернат, административно-бытовой корпус, медицинские кабинеты и другие объекты. Общая площадь застройки превысит 28 тысяч квадратных метров. Внимание будет уделено не только тренировочному процессу, но и комфортной образовательной среде и безопасности воспитанников. Для строительства выбран участок между Майкудуком и Юго-Востоком.
Академия станет базой подготовки будущих игроков ФК «Шахтёр». Здесь будет продолжено развитие детско-юношеской и женской лиги клуба.