Xiaomi жаңа Redmi A5 смартфонын ұсынады: жаңа дизайны бар қуатты камералар мен өнімділік


Фото: mi.com

Дизайнын жаңарту, камерасын айтарлықтай жетілдіру және дисплейін үлкейту арқасында Redmi A5 қажеттінің бәрін мінсіз смартфонға айналдырып, күнделікті құрылғыда тәжірибелік пен эстетиканы бағалайтын тұлғаларға арналып жасалған. 

Redmi A5 өзінің стильді жазық жақтауы және мүлдем жаңа металл жиектерімен безендіріліп жаңартылған камерасымен оның көрнекі тартымдылығын арттыратын жаңа талғампаз дизайнды ұсынады. Камера бөлігі алғаш рет мүлдем жаңа металл жиектемесімен толықтырылған. Бұл смартфон өзіндік сипат сезімін тудыратын таңдаулы түс нұсқаларында шығарылады. Жарым түнгі қара1 және Құмды алтын1 нұсқаларының дақтардың пайда болуына төзімді күңгірт жабыны бар, сондай-ақ олар уақытқа бағынбайтын ұстамды талғампаздыққа ие. Ал оның жасыл1 және көк1 түстері табиғаттан шабыт алған, ал теңбілді өрнектер тынық су айдынындағы толқындарға ұқсайды. Қалыңдығы 8,26 мм² жіңішке корпусының болуы арқасында Redmi A5 бір өзінде заманауи әсемдік пен қолда ыңғайлы ұстауды үйлестіреді.

Корпусының жұқа болуына қарамастан, Redmi A5 120 Гц³ дейінгі жаңару жиілігі бар 6,88 дюймдік үлкен дисплейінің арқасында мүмкіндіктерді кеңейте отырып, бейне көру, веб-парақшаларды қарау немесе оқу кезінде шынайы әсерлі сезіммен қамтамасыз етеді. Қолыңыз су болса да, wet touch технологиясы сезгіштік қабілетті сақтауға көмектеседі, бұл құрылғыны қолданудың ыңғайлылығын одан сайын арттырады. Сонымен бірге ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде TÜV Rheinland сертификатталған көзді қорғау мен тұрақты токпен жарықтықты реттеу көзіңізге түсетін жүктемені азайтуға көмектесіп, экранмен ұзақ уақыт жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Дисплейді толықтыра отырып, Redmi A5 камера мүмкіндіктерімен айтарлықтай алға жылжыды. Жасанды интеллекті бар 32 Мп қос камерасы пайдаланушыларға сәттерді керемет айқындықпен түсіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы буынмен салыстырғанда 18%-ға көп жарық4 қабылдайтын үлкейтілген сенсордың арқасында түнгі түсірілім жақсартылған егжей-тегжейлігімен ерекшеленіп, төмен жарық жағдайында да жарқын әрі анық суреттер алуды қамтамасыз етеді. Камера күрделі қарсы жарықта да фотосуреттердің анықтығы мен жарықтығын сақтайды. Оның алдыңғы панеліндегі жаңартылған 8 Мп selfie камера жаңа егжей-тегжейлі бөлшектермен табиғи портреттерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дисплейдің көмескі жарығы есебінен жасалған жұмсақ жарық сақинасы күңгірт ортада да жақсы жарықтандырылған селфи жасайды. Осы ойланып істелген инновациялардың арқасында Redmi A5 кез келген әдемі көріністі немесе көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін ерекше сәттерді еш қиындықсыз түсіріп, сақтауға мүмкіндік береді.

Камера мүмкіндіктерінің әсерлі жаңартуларымен қатар, Redmi A5 сіздің қарқынды өмір салтыңызға оңай бейімделуі үшін жасалған, сонымен бірге сенімділік пен ыңғайлылықты барлық кезеңде қамтамасыз ететін функциялармен жабдықталған. Сегіз ядролы UNISOC T7250 процессорымен жұмыс істейтін және жедел жадты⁵ 8 ГБ-қа дейін кеңейту есебінен Redmi A5 көп тапсырмалармен оңай жұмыс істеп, тіпті күрделі міндеттерді орындау кезінде қосымшалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда Redmi A5 өзінің жоғары өнімділігімен автономды жұмыс уақытын төмендетпейді. 5200 мАсағ⁶ сыйымдылығы бар аккумулятормен жабдықталған ол бір зарядпен 20 сағаттан астам бейне көруге⁷ және 9 сағаттан аса ойын ойнауға⁷ мүмкіндік береді, бұл күні бойы үздіксіз жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Қолданушылардың ыңғайлылығы үшін Redmi A5 бүйірлік саусақ ізі датчигі мен адамның бетімен бұғаттан шығару арқылы қауіпсіз қолжетімділікті ұсынады. Бұдан басқа 3,5 мм құлаққап ұяшығының болуы арқасында пайдаланушылар жоғары сапалы сымды дыбыстан ләззат алуын жалғастыра алады.

Бағасы мен қолжетімділігі

Redmi A5 Қара¹, Алтын¹, Жасыл¹ және Көк¹ түстерінде, сондай-ақ жедел жады мен жинақтағыштардың әртүрлі конфигурацияларында қолжетімді.

Бағасы:

● Redmi A5 3 Гб+64 Гб – 36 990 теңгеден бастап
● Redmi A5 4 Гб+128 Гб — 44 990 теңгеден бастап

Құрылғыларды келесі ресми сату арналары арқылы сатып алуға кеңес береміз: mi.com ресми сайты, Xiaomi Store және kaspi.kz сайтындағы Authorized Xiaomi Store.
 

По информации Xiaomi.

Источник: ekaraganda
Новости компаний