Фото: Кристина Лукашева
Программа газификации в Темиртау стартовала в 2020 году и продолжается до сих пор. Сегодня природным газом активно пользуются в 1603 домах Соцгорода. Теперь доступ к голубому топливу получили и 1059 домов Правого берега. В церемонии символического открытия вентиля принял участие аким города Галым Ашимов.
«Мы поэтапно строим газораспределительные сети и передаем их в эксплуатацию в QazaqGaz Aimaq. Всего проектом газификации частного сектора будет охвачено 6 357 домов. Это позволит нам улучшить экологию города и снизить затраты жителей на отопление», — отметил Галым Абиханович.
Для подключения Правого берега специалисты компании «Алия Сервис» проложили 43,8 км газораспределительных сетей, установили 3 ПГБ и 16 ГРПШ. Строительство началось в апреле 2023 года и завершилось в срок. Этот проект стал важным шагом в развитии городской инфраструктуры и повышении качества жизни горожан.
Жительница улицы Песчаная Наталья Тихонова рассказала, что раньше, чтобы согреть шестикомнатный дом, приходилось закупать 9 тонн угля и ежедневно возиться с ним. Уходило много времени и сил на разжигание печи. Как только узнала о возможности подключиться к газу, была в числе первых, кто согласился, даже несмотря то, что на покупку котла и все необходимые подключения в доме, пришлось потратить около 700 тысяч тенге.
«Мы наконец-то дождались газ. Нам его обещали к Новому году и слово сдержали. Всем большое спасибо за проделанную работу, главное – чтобы было сделано качественно», — делится эмоциями Наталья Яковлевна. «Нам, пожилым людям, тяжело уже таскать уголь, дрова. Ещё уйдёшь из дома, печка потухнет и потом опять по новой растапливать дом. А теперь будет легко и просто. У кого уже есть газ, говорят, что держится постоянная температура и всегда тепло. Да и за газ платить выходит дешевле, чем уголь закупать. Надеюсь, что теперь у нас не будет и вечного смога над Правым берегом, вздохнём свободно».
После церемонии запуска глава города посетил дома правобережцев, где газ уже активно используют для обогрева и приготовления пищи. Чтобы ещё больше улучшить комфорт первых подключившихся к голубому топливу жителей, им вручили новые газовые плиты.
«Мы почти 20 лет ждали газ. Когда теплосеть демонтировали, мы топили дома углём. Это было дорого и тяжело. В ноябре установили газовое оборудование, а теперь уже готовим на газовой плите. Это настоящая радость!» – делится жительница улицы Ташенова Галина Томилова.
«Наконец-то и до нас дошёл газ! Для нас центральное газоснабжение – большое облегчение. Мы устали отапливать дом углём, таскать его, выносить золу и дышать угольной пылью. Узнав, как в Соцгороде хвалят переход на газ, мы заранее подготовились и оборудовали дом для газового отопления», — рассказывает житель улицы Западная Михаил Ефанов.
Подключение к природному газу выполняет филиал АО QazaqGaz Aimaq. Специалисты компании оформляют технические условия и обеспечивают аварийное обслуживание.
«Заявление на получение технических условий подали уже порядка 500 абонентов. Техусловия выдаются бесплатно. Получить можно онлайн через портал еgov.kz или обратиться по адресу: улица Менделеева, 11. Для подачи заявления необходимы четыре документа: удостоверение личности, сведения о зарегистрированных правах (обременениях) на земельный участок, документы, подтверждающие право на земельный участок, копия технического паспорта на газифицируемый объект. Срок изготовления техусловий – в течение 10 рабочих дней», — объяснил директор Темиртауского газового хозяйства Карагандинского производственного филиала QazaqGaz Aimaq Азат Матов.
Для жителей Темиртау, нуждающихся в финансовой помощи, работает программа государственной поддержки. За 2,5 года 228 семей получили субсидии на газификацию на общую сумму 98 миллионов тенге. За консультацией жители могут обратиться в ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Темиртау» по адресу: улица Чайковского, 22.
Запуск газа на Правом берегу – это только часть масштабной программы в Темиртау. До конца года предоставить доступ к центральному газу планируют и в Старом городе. Также строительство газовых сетей продолжается в районах Отрадное, АБВ квартал и Горка Дружбы. В ближайшие годы акимат планирует завершить газификацию всех районов.
Кристина Лукашева
Теміртауда тағы 1059 үй табиғи газбен қамтамасыз етілді
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 13 желтоқсанда Оң жағалауда газ құбырының салтанатты іске қосылуы өтті. Ондаған жылдар бойы көмір мен отын арқылы жылытылған тұрғындар үшін бұл маңызды әрі қуанышты оқиға болды.
Теміртауда газдандыру бағдарламасы 2020 жылы басталды және бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі уақытта Соцгородтағы 1603 үй табиғи газды белсенді түрде пайдаланып жатыр. Енді Оң жағалаудағы 1059 үй де көгілдір отынға қол жеткізді. Газ құбырының символдық ашылу рәсіміне қала әкімі Ғалым Әшімов қатысты.
«Біз газ тарату желілерін кезең-кезеңімен салып, оларды QazaqGaz Aimaq компаниясының пайдалануына береміз. Жеке секторды газдандыру жобасы аясында барлығы 6357 үй қамтылады. Бұл қала экологиясын жақсартып, тұрғындардың жылыту шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», – деді Ғалым Әбіханұлы.
Оң жағалауды қосу үшін «Алия Сервис» компаниясының мамандары 43,8 км газ тарату желісін жүргізіп, 3 ГРП және 16 ШРП орнатты. Құрылыс 2023 жылдың сәуірінде басталып, уақытында аяқталды. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды дамытуда және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды қадам болды.
Құмды көшесінің тұрғыны Наталья Тихонова бұрын алты бөлмелі үйді жылыту үшін 9 тонна көмір сатып алып, күн сайын сонымен әуре болатындарын айтты. Пеш жағу көп уақыт пен күшті талап ететін. Газ қосу мүмкіндігі туралы білген бойда, ол алғашқы болып келісім берген. Тіпті үйге қажетті қазандық пен басқа да жабдықтарды орнатуға шамамен 700 мың теңге жұмсауға тура келгеніне қарамастан, Наталья Яковлевна шешімін өзгертпеген.
«Біз ақыры газға қол жеткіздік. Жаңа жылға дейін қосамыз деп уәде берді, уәделерін орындады. Барлық атқарылған жұмыс үшін үлкен алғыс айтамын, бастысы – сапалы жасалса болды», – дейді Наталья Яковлевна. «Қарт адамдар үшін көмір мен отын тасу қиын. Үйден шықсаң, пеш сөніп қалады, оны қайта жағуға тура келеді. Енді бәрі оңай әрі ыңғайлы болады. Газды пайдаланатындар температура тұрақты болып, әрдайым жылы екенін айтады. Сондай-ақ газға төлеу көмір сатып алғаннан арзанырақ шығады. Енді Оң жағалаудың мәңгілік тұманынан да құтылып, еркін тыныс аламыз деп үміттенемін».
Газды іске қосу рәсімінен кейін қала басшысы оң жағалаудағы үйлерді аралап, тұрғындардың газды жылыту мен тамақ дайындау үшін белсенді пайдаланғанын көрді. Көгілдір отынға алғашқылардың бірі болып қосылған тұрғындарға жаңа газ плиталары сыйға берілді.
«Біз газды шамамен 20 жыл күттік. Жылу желісі бұзылған кезде, біз үйлерімізді көмірмен жылытып келдік. Бұл қымбат және ауыр еді. Қарашада газ жабдықтарын орнаттық, енді газ плитасында тамақ дайындап жатырмыз. Бұл нағыз қуаныш!» – дейді Тәшенова көшесінің тұрғыны Галина Томилова.
«Ақыры бізге де газ келді! Біз үшін орталық газбен қамтамасыз ету үлкен жеңілдік. Үйді көмірмен жылытып, күл шығарып, көмір шаңын жұтудан шаршадық. Соцгородта газды мақтағанын естіп, біз де үйімізді газбен жылытуға алдын ала дайындадық», – дейді Батыс көшесінің тұрғыны Михаил Ефанов.
Табиғи газға қосу жұмыстарын QazaqGaz Aimaq АҚ филиалы жүзеге асырады. Компания мамандары техникалық шарттарды рәсімдеп, апаттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Техникалық шарттарды алуға 500-ге жуық абонент өтініш берді. Техникалық шарттар тегін беріледі. Оларды онлайн egov.kz порталы арқылы немесе Менделеев көшесі, 11 мекенжайына барып алуға болады. Өтініш беру үшін төрт құжат қажет: жеке куәлік, жер телімінің тіркелген құқықтары (жүктемелері) туралы мәліметтер, жер теліміне құқықты растайтын құжаттар, газдандырылатын нысанның техникалық паспортының көшірмесі. Техникалық шарттардың дайын болу мерзімі – 10 жұмыс күні ішінде», – деп түсіндірді QazaqGaz Aimaq Қарағанды өндірістік филиалы Теміртау газ шаруашылығының директоры Азат Матов.
Теміртау тұрғындары үшін қаржылық көмек қажет болған жағдайда, мемлекеттік қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. 2,5 жыл ішінде 228 отбасы жалпы сомасы 98 миллион теңге болатын газдандыруға субсидия алды. Консультация алу үшін тұрғындар Теміртау қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Чайковский көшесі, 22 мекенжайына жүгіне алады.
Оң жағалауда газдың іске қосылуы – Теміртаудағы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі ғана. Жыл соңына дейін орталық газға ескі қала тұрғындары да қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ газ құбырлары Отрадное, АБВ квартал және Достық төбесі аудандарында да салынып жатыр. Алдағы жылдары әкімдік барлық аудандардың газдандыруын аяқтауды жоспарлап отыр.
Кристина Лукашева