Xiaomi Redmi 15С смартфонын ұсынады: Әсем дизайн. Толықтай баурайтын көрініс. Ұзақ күнге жететін қуат
Фото: Николай Фетисов
Redmi 15C жұқа корпуста және төрт жағынан 3D дөңгелектенгенартқы панельден жасалған. Енді оны қолда ұстауға ыңғайлы әрі жайлы. Дизайн құрылғыға әсемдікберетін «қалқымалы кратер» әсері бар сәнді элементпен толықтырылған. Модель үш түсте қолжетімді: қара, жасыл және көк. Көк түс мұхит суының толқыныменшабыттанған Көрнекі әсер беру мақсатында беткі қабатына тереңдік пен көп қабатты текстура беретін екі түсті магнит баспасы қолданылады.
Алдыңғы жағында орналасқан үлкен 6,9 дюймдік HD+ дисплей AdaptiveSync технологиясымен және 120 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігін қолдайды. Бұл бейнені бірқалыпты әрі жылдам көрсетуге мүмкіндік береді.. 50 Мп екі AI камерасынан тұратын жүйесі әртүрлі жарықта анық және егжей-тегжейлі суретке түсіруге мүмкіндік береді. Redmi 15C корпусы жұқа болғанымен, сыйымдылығы жоғары 6000 мА·сағ аккумуляторымен жабдықталған, ол 22 сағатқа дейін видео көругенемесе 82 сағатқа дейін музыка тыңдауға мүмкіндік береді. 33 ватт турбо зарядтау технологиясы бар болғаны 31 минут ішінде 50%-ға дейін қуаттайды. Қолдану ыңғайлы болу үшін Redmi 15C реверсив зарядтауын қолдайды, керек болған жағдайда басқа құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік береді.
Redmi 15C MediaTek Helio G81-Ultra процессоры негізінде жұмыс істейді, және Memory extension функциясының көмегімен 16 Гбайт дейінгі жедел жадымен жабдықталған, сонымен бірге 1 ТБ дейін жад кеңейтілімін қолдайды, көп тапсырмаларда және жеңіл ойындарда бірқалыптыжұмысты қамтамасыз етеді. Құрылғы Xiaomi HyperOS басқаруымен жұмыс істеп, интеллектуалды көмек және көп тапсырманы орындау кезінде тиімділікті арттыру мақсатында Google мен Circle to Search (қоршап іздеу арқылы) және Google Gemini интеграциясы сияқты функцияларды ұсынады. Бұдан басқа Call Sync және ортақ айырбастау буферісекілді Xiaomi құрылғыаралық өзара әрекеттесу функциялары смартфон, планшет және компьютер арасында ауысуды жеңілдетеді.
IP64 қорғаныс дәрежесі құрылғының шаң мен су шашырауына төзімділігін қамтамасыз етіп, оны күнделікті пайдалану кезінде қорғайды. Сонымен қатар дыбыс деңгейін 200% дейін күшейту, тіпті шулы орта да мультимедиа мен хабарламаларды қабылдауды жеңілдетеді.
Бағасы мен қолжетімділігі
Redmi 15С бағасы:
4ГБ + 128 ГБ — 64 990 теңге
8 ГБ + 256 ГБ — 79 990 теңге
Нақты құны аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Верификациялау
Xiaomi компаниясы 24 наурызда күшіне енген ұялы байланыс абонент құрылғыларының тіркеу ережелеріндегі өзгерістер туралы еске салады. Соған сәйкес ел аумағына «кіретін» барлық смартфондар верификациялау рәсімінен өтуі қажет. Верификациялау нәтижелері бойынша мобильді құрылғылар «ақ» (шектеусіз тіркелген оң нәтижемен тексеруден өткен құрылғылар), «сұр» (иелері 30 күн ішінде оларды әкелудің заңдылығын растауға тиіс уақытша рұқсат етілген құрылғылар) немесе «қара» (бұғатталатын заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар) тізімдеріне кіреді.
По информации Xiaomi
Комментарии закрыты.