Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерге арналған цифрлық жобаларды ұсынады


Фото: Yandex Qazaqstan

Қазақстан футбол федерациясы елдегі футболды қолдауға бағытталған Yandex Qazaqstan компаниясымен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады. Енді жанкүйерлер танымал цифрлық сервистер арқылы трансляцияларды еркін көріп, матчтарға билет сатып алып, командалармен өзара байланыса алады. Ал жаңа жобалардың арқасында қазақстандық футбол аудиториясын едәуір кеңейте түспек. 

 

Yandex Qazaqstan — Қазақстан футбол федерациясының, Қазақстан Премьер-Лигасының және Қазақстан ұлттық құрамасының ресми серіктесі атанды.

Жанкүйерлер Қазақстан Премьер-Лигасы мен Қазақстан Кубогының матчтарын Кинопоиск платформасынан көре алады. Әр тур сайын Кинопоиск пен ҚФФ жанкүйерлерге арналған арнайы эксклюзивті мүмкіндіктері бар тур матчын таңдайды.

Матч нәтижелерін Яндекс Іздеу қызметі арқылы да бақылау ыңғайлы. Іздеу сұранысы бойынша бірден нәтижелер, матч кестесі, команда құрамы және басқа да маңызды ақпараттар көрініп тұрады.

Сондай-ақ ҚФФ мен компанияның қалалық сервистеріне қатысты бірлескен жобалар жоспарланған. Атап айтқанда, стадиондарға көлікпен қатынау мүмкіндіктерін арттыру, жанкүйерлерге арналған стадион инфрақұрылымын дамыту жобалары қарастырылып жатыр.

«Цифрлық сервистермен әріптестік орнату бізге үлкен мүмкіндіктер береді, бұл футболды насихаттауға әрі жанкүйерлер үшін қолайлы жаңа жағдайлар жасайды. Серіктестік қазақстандық футболға деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз», – деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория.

 

«Біздің технологиялар мен сервистер футболға деген қызығушылықты арттыруға қызмет ететініне қуаныштымыз. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін – билет сатып алуға, матчтарды көруге, тіпті стадионға тікелей тамаққа тапсырыс беруге мүмкіндік жасаймыз. Кинопоиск спорт бөлімін трансляциялар мен қосымша контент желісін белсенді кеңейтіп жатыр. Қазақстандық футбол матчтарын көрсету – біз үшін үлкен мәртебе», – деп қосты Yandex Qazaqstan компаниясының жетекшісі Тимур Шалекенов.

По информации Yandex Qazaqstan
 

Источник: ekaraganda
Обратите внимание

Комментарии закрыты.