Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апатын жасаған экс-шенеунік босатылды

5 июля 2013 - 15:00
Источник: 

16 ақпан күні Ерлан Өтешевке қатысты қозғалған қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылды.Фото: newskaz.ru

Бұл туралы Қарағанды облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Өтешевтің қорғаушысы Тілеубай Сәтбеков: "Е. Өтешевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Кеше кешке ол үйіне жіберілді", - деп мәлімдеді.

Е.Өтекешев алкогольді мас күйінде адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасаған болатын. Бұған дейін қорғаушыларға сілтеме жасап хабарланғандай, жапа шеккен тарап 26 маусым күні ымыраға келу туралы ресми өтінішке қол қойды.

Еске сала кетейік, 16 ақпан күні түнде жол апаты орын алып, салдарынан 53 жастағы әйел ажал құшты, 3 адам жарақаттанды. Гоголь мен Гудермесская көшелерінің қиылысында BMW X5 жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Corolla және Opel көліктерімен соқтығысты.

BMW X5 темір тұлпарының тізгінінде Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының бастығы, 41 жастағы Ерлан Өтешев отырғаны анықталды. Үш көліктің жүргізушілері де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, Е. Өтешевтің миы шайқалған.

Сараптама көрсеткендей, Е. Өтешев жол апаты кезінде орташа деңгейдегі алкогольді мас күйінде болған. Жол апатынан кейін шенеунік өз еркімен қызметінен кетті. Бұдан бөлек, ол жарғыны бұзғаны және партияның беделіне нұқсан келтіргені үшін "Нұр Отан" ХДП қатарынан шығарылды.

20 ақпан күні бұрынғы шенеунікке айып тағылып, сол күні Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының шешімімен оны тұтқындау шарасы санкцияланды. Алайда айыпталушы денсаулығына байланысты ауруханада ем-дом қабылдауды жалғастырды. Е. Өтешев тергеу абақтысына 26 ақпан күні жеткізілді.

Фотографии: 
Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апатын жасаған экс-шенеунік босатылды


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.