Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағанды театрының актрисасы жауапсыз махаббат үшін өз-өзіне қол салған

20 июня 2013 - 15:01
Источник: 

Бұған дейін Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актрисасы өз-өзіне қол салғанын хабарлаған болатынбыз. 26 жастағы Нәзиля Қырықбаева биылғы маусымның соңғы сахналық көрінісіне шықпай қалды.

Театрдың көркемдік жетекшісі оны қонақ үй бөлмесінде душтағы үтік бауына асылған күйінде тауып алған, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық полициясының баспасөз қызметінде.

Қара жамылған театр труппасы әріптесінің басты жоспардағы ролдерді сомдағанын айтып жатыр. Әзірге суицидтің себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша актрисаны мұндай қадамға жауапсыз махаббат итермелеген.

"Жақында ғана ол Анталияға, Сербияға барып келді. Театрдың жұмысымен байланыстыруға болмайды мұны. Репетициядан да көңілді болып шықты. Сағат алты жарымда спектакль басталу керек. Өзіне барып, кейін, туған-туыстарынан өліп жатыр деген хабар келді. Барсақ, асылып қалған", - дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актері Кеңес Жұмабеков.

"Бұл аяқ астынан болған оқиға. Нәзиляны бәріміз жақсы көретінбіз. Жақсы актриса болды. Болашағы болған еді. Қимаймыз. Бірақ, тағдыры қысқа болды", - деп еске алады басқа әріптесі Нұржібек Жансүгірова.

"Біздің театр - семья ғой. Біреуге - құрбы, біреуге - сіңілі, қызымыздай болды. Басынан сипап, иіскейтінбіз. Ол да жүгіріп кеп, бетімізден сүйетін. Ол баланың не болғанын білмеймін", - деп бөлісті пікірімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актрисасы Шайза Нокина.

Фотографии: 
Қарағанды театрының актрисасы жауапсыз махаббат үшін өз-өзіне қол салған


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.