Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Отандық банк қарағандылық отбасын жоқ баспана үшін несие төлеуге міндеттеді

12 июня 2013 - 12:30
Источник: 

"Казкоммерцбанк" қарағандылық отбасын жоқ баспана үшін несие төлеуге міндеттеп отыр. Бір жарым жыл бұрын Игорь Половец банк арқылы "Бесоба" тұрғын үй кешенінен алты бөлмелі пәтер сатып алған.

Көп ұзамай атышулы үй апатты деп танылып, сүрілетін болды. Ал баспана иелері сапасыз тауар сатып алғанын дәлелдей алмай, әлі күнге дейін сарсаңға түсіп жүр.

Половецтер отбасы бұл жерге аяқ баспағалы жылдан асты. Бастары дауға қалған орынды көргісі жоқ. Кезінде "Бесобадан" пәтер алып, бақытқа кенелеміз деген отбасы оңбай опық жеді. Қарызданып қауғаланып алған 11 миллион теңге үйінді астында кетті. Банк болса, әй-шайға қарамастан, қарызды қайтаруды талап етіп жатыр.

Отбасы банкке бастапқы салым салу үшін, анасының үйін сатқан. Егде жастағы сырқат жанды кейін жаңа үйге көшіруді жоспарлапты. Өз қыздары да сал ауруына шалдыққан. Баспананы кеңейтіп, жақын жуықтар бір жерде тұрмақшы еді.

"Менің анам қатты ауырады, қызым – мүгедек. "Казкоммерцбанк" бұлай істейді деп ойламап едік. Сондай үлкен банк осындай әрекетке барды", - дейді пәтер иесінің жұбайы Людмила Половец.

Отбасы сапасыз пәтер сатқан банкпен бір жылдан бері соттасып жатыр. Бірақ барлық процесте жеңіліс тауып келеді. Ал қаржы институты алған бетінен қайтпайтын сыңайлы. Мына ресми мәлімдеме – соның айғағы.

Сатып алу "Бесоба" тұрғын үй кешені апатты деп танылғанға дейін орын алды. Банк үйдің апатты екенінен бейхабар болатын. Сондықтан келісім-шартты бұзуға немесе жарамсыз деп тану қарастырылмайды. Банк пен И.Н. Половцов арасындағы несие шарты заңды. Оның шарт тараптармен орындалуы тиіс.

Сот шешіміне сай Половецтер отбасы банкке ақшаны қайтару керек. Енді тығырықтан шығу үшін, қазір бес жан тұрып жатқан шағын пәтерді сатуға мәжбүр. Дегенмен, олар жоғары сотқа шағымдануды жоспарлаған. Басқа амал жоқ.

Фотографии: 
Отандық банк қарағандылық отбасын жоқ баспана үшін несие төлеуге міндеттеді


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.