Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыда 15 жастағы қыз үшінші қабаттағы балконнан секірді

12 июня 2013 - 14:25
Источник: 

Қарағанды қаласында 15 жастағы жасөспірім үшінші қабаттағы балконнан секірді, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Тәртіп сақшыларының ақпары бойынша, оқиға Орбита-1 ықшам ауданында таңғы сағат 4-те болды.

"12 маусым күні жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 9 сыныптың оқушысы, 15 жастағы қыз үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан секірді. Жасөспірім "мұрын сүйектерінің сынуы, құйымшақтың сынуы, мидың шайқалуы, бас сүйек-миының жабық жарақаты" диагнозымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді", - деп көрсетілген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды.

Фотографии: 
Қарағандыда 15 жастағы қыз үшінші қабаттағы балконнан секірді


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.