Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыда ұрылар полициядан қорқып 5-ші қабаттан секіріп кетті

11 июня 2013 - 08:30
Источник: 

Жолы болмаған ұрылар! Таразда қарақшылардың бірі бесінші қабаттан секіріп аман қалды деп хабарлайды КТК арнасы.Фото: topnews.ru

Ол, қылмыс үстінде келіп қалған тәртіп сақшыларының қолына түспес үшін биіктен төмен қарай қарғып кеткен. Ал, сыбайласының әрекетін қайталауға жүрексінген 32 жастағы азамат болса үй ішінде ұсталды.

Иесі жоқ пәтерді қаскөйлер тал түсте тонамақ болған. Бөгде біреулердің жүргенін байқаған көршілері, тәртіп сақшыларына дереу хабар берген. Жедел жеткен полицейлерге ұрылардың бірі есікті ашыпты.

Погон таққандарды күтпеген ол, сасқанынан екі қолын көтеріп тұра қалған. Тек аздаған үзілістен кейін ғана қашуға әрекеттенген. Бірақ онысы сәтсіз болды. Ал, 42 жастағы сыбайласы бесінші қабатта тұрғанына қарамастан, терезеден секіріп кеткен.

Жерге жайлы түскен болуы керек, жеңіл жарақатпен аман қалыпты. Қазір жоспарлары жүзеге аспай қалған қарақшылар тергеу абақтасында отыр.

"Бесінші қабаттан секіргені, сол төрт рет сотталған болатын. Бопсалау, сосын тонау үшін. Енді бесінші рет болмасын деп, сасқанынан қашқан түрі ғой", - Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гаухар Сәрсенбаева. 

Фотографии: 
Қарағандыда ұрылар полициядан қорқып 5-ші қабаттан секіріп кетті


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.