Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыда полиция кісі өлімін легенге шалынып құлады деп түсіндірді

11 июня 2013 - 14:45
Источник: 

Қарағандыда ер адам оқиға орнына жеткен полицейдің қолында жан тапсырды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.Фото с сайта newsline25.ru

Тәртіп сақшыларының ақпарына сүйенсек, оқиға 9 маусым күні Сортировкада орын алды.

"Медицина қызметкерлері Қарағанды қалалық ІІБ Теміржол учаскесіндегі полиция бөлімінің кезекшісіне оларға қолында кесілген жарақаты бар 30 жастағы әйел жүгінгенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында әйелдің тұрғылықты мекенжайына Теміржол учаскесіндегі полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жөнелтілді", - делінген хабарламада.

Әйел пәтерінде бірге тұратын ер адаммен болған.

"Екеуі де ішімдікке масайып алған. Олар түсініктеме беруден бас тартты. Ер адам диванға секіріп мініп, оның үстімен жүгіре бастаған. Кейін қайта секіріп түсіп, кереуеттің жанында тұрған легенге шалынып құлап, желкесімен шкафқа соғылған", - делінген таратылған хабарламада.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, одан кейін ер адам пәтерінен шығып, тепе-теңдікті жоғалтып, кіреберістің алаңында құлаған. "Полицейлер жедел жәрдем қызметін шақырды. Ақ халаттылар оқиға орнына жеткенде ер адам жан тапсырды", - деп атап көрсетілген. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары тағайындалды.



Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.