Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыда жұбайы өз жарының қолынан бақилық бола жаздады

20 декабря 2012 - 08:30
Источник: 

Қарағанды тұрғыны Гулина Оралова бірнеше пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен.Фото: assalam.ru

Күйеуінің соққысынан соң үйіне баруға қорқатын келіншектің басқа барар жері жоқ. Ал өңірде мұндай жағдайға түскен жандарға демеу болатын арнайы орын қарастырылмаған.

ГУЛИНА ОРАЛОВА, зардап шегуші:

- Мен де қарсы арыз жаздым. Әзірге ештеңе істеген жоқ. Бірақ айтатыны мені өлтіруге келдім дейді. Мен қашып әрең құтылдым. Енді бір жерде кезігіп қалсақ. Жаман ойын жүзеге асыратын шығар. Мен балаларыма керекпін.

Жары балаларды басқа бөлмеге қамап қойып, әйелін аяусыз соққының астына алған. Ал қатты орыққан жұбайы қашуға әрекеттенген сәтте оған және өзіне пышақ жарақаттарын салған. Артынша зардап шеккен жан ретінде күйеуі арызды алдымен өзі жазыпты.

"Қайырымдылық әлемі" қоғамдық қоры бала мен анаға психологиялық көмек көрсетуге дайын. Ал екі жыл бұрын Қарағандыда тұрмыстық азаптың залалын тартқан жандарға баспана беретін орталық болған. Алайда қаржыландыру болмағандықтан, көп ұзамай жұмысын тоқтатқан еді.



Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.