Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Студенттің 4-ші қабаттан секірейін деп жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған

12 апреля 2012 - 15:59
Источник: 

Қарағандыда бейнебақылау камерасы студенттің 4-ші қабаттан секірейін деп жатқанын жазып алып, полицейлер болғалы тұрған суицидтің алдын алды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінен мәлім етті. 

"Облыстық ІІД ОШБ инспекторы  бейнебақылау камераларын қарап отырып,  Бұқар жырау көшесіндегі  № 26  үйдің сыртқы өрт баспалдағындаға  4-ші қабат деңгейінде бір жігіттің жерге секіргелі тұрғанын көреді", - деп мәлімдеді полицейлер.

Оқиға орнына жақын жүрген полиция наряды шұғыл жөнелтілді. Аталған жерге келген полицейлер жас жігітпен психологиялық әңгіме жүргізіп, нәтижесінде оны төмен түсіруге көндіреді.

Жігіттің жеке бас мәліметтері анықталды. Ол – қаладағы бір колледждің 18 жасар бірінші курс студенті болып шықты. Ол ата-анасымен ұрысып қалып, өзін-өзі құрбандыққа шалмақшы болған.

Қазір жас жігітпен психологтар жұмыс істеуде. Анықтау-тергеу жұмыстары да қоса жүргізілуде.



Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.