Казахстана
Информационный портал

Вход в систему

Что нового?
Добавить компанию

Қарағандыдағы мектеп ғимаратында болған өртте күзетші зардап шекті

17 января 2011 - 14:48
Источник: 

Қарағандыда "Восток-1" ықшамауданында орналасқан №36 орта мектеп ғимаратында орын алған өрт кезінде 28 жастағы күзетші улы газдармен уланып, жапа шекті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мектепте өрт жексенбі күні сағат 21.35 кезінде орын алды.

Фото: xronika.az

"Оқиға орнына 5 бірлік техника мен ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 22 адам жеке құрамы жіберілді. Бөлімшенің кезекші өрт сөндірушісі келіп жеткенде мектептің қабылдау бөлмесінің жиһазы, ұйымдастыру техникасы, жалпы ауқымы 20 шаршы метр болатын терезе жақтаулары өртеніп жатты. Өрт кезінде улы газдармен уланып, 28 жасар күзетші зардап шекті", - делінген Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Оның хабарлауынша, зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Өрт 15 минуттың ішінде ауыздықталды.

Өрт кезінде 28 жасар күзетші зардап шекті

"Анықтаушылардың алдын ала болжамы бойынша, өрт электр сымдарының тоқайласуынан пайда болған. Келтірілген шығын есептелуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Фотографии: 
Қарағандыдағы мектеп ғимаратында болған өртте күзетші зардап шекті


Отправить комментарий

Содержание этого поля является приватным и не предназначено к показу. Если у вас есть аккаунт в Gravatar, то этот e-mail будет использован для отображения вашего аватара.